Астанада ұлттық компанияға жұмысқа тұрғызамын деп 8 млн теңге алған әйел ұсталды

Астанада ұлттық компанияға жұмысқа тұрғызамын деп 8 млн теңге алған әйел ұсталды
Polisia.kz

Астанада полицейлер ұлттық компанияға жұмысқа орналастырамын деген желеумен 8 миллион теңгеден астам қаражатты иемденді деген күдікпен 37 жастағы әйелді анықтады, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, күдікті танысына өзін және оның отбасы мүшелерін ұлттық компанияға жұмысқа орналастырып беруге уәде еткен. Ол компания басшылығымен жеке таныстығын алға тартып, жұмысқа қабылдауға ықпал ететінін айтып, бұл қызметі үшін қомақты ақша алған.

Алайда қаражатты иеленгеннен кейін әйел байланысқа шығуды тоқтатып, берген уәдесін орындамаған. Осыдан соң жәбірленуші полицияға арызданған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, ол заң аясында жауапқа тартылды.