Астанада стендап-комик Ғалым Қалиақбаровтың концерті полицияның араласуынан кейін тоқтатылды. Оқиға басты сайлауалды теледебаттар эфирде өтіп жатқан кезде болған. Бұл туралы «Ботагөз!» Telegram арнасы хабарлады, деп жазады ult.kz.
Куәгерлердің айтуынша, залға полиция қызметкерлері кіріп, комикті сахна сыртындағы бөлмеге алып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, бұған іс-шараның тиісті түрде келісілмеуі себеп болуы мүмкін.
Алайда көрермендердің сөзінше, концерттің нақты қандай негізде тоқтатылғаны бірден түсіндірілмеген. Полиция тарапынан айтылған талаптардың арасында сахнадағы бейәдеп сөздер де болған.
Оқиға кезінде стендапер сабыр сақтап, әзілдерін жалғастырған.
Іс-шараның шынымен келісілмегені және полицияның концертті тоқтатуға қандай негізбен келгені әзірге белгісіз.