Астанада робот-курьерлер тапсырыстарды жеткізе бастады

Астанада робот-курьерлер тапсырыстарды жеткізе бастады
Gov.kz

Елордада пилоттық автономды жеткізу жобасы іске қосылды. Есіл ауданының тұрғындары Yandex Go қосымшасы арқылы роботтарды пайдаланып, Yandex Lavka-дан тегін жеткізуге тапсырыс бере алады, деп хабарлайды ult.kz. 

Роботтар өз бетінше маршруттарды белгілеп, кедергілерді танып, тротуарларда шамамен 6 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Бұл қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етеді. 

Жоба Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Қызметті Нұра ауданына кеңейту жоспарланып жатыр.