Астанада қоғамдық іс-шара кезінде былапыт сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған қазақстандық спортшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ult.kz.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, спортшы қоғамдық орында айналасындағыларға құрметсіздік танытып, әдепсіз сөздер айтқан. Осы әрекеті үшін оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің ұсақ бұзақылыққа қатысты бабы бойынша хаттама толтырылған.
Соттың қаулысымен спортшыға 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.
Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда тәртіпті бұзу, айналадағы адамдарға құрметсіздік таныту және былапыт сөз қолдану қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында қоғамдық орындарда былапыт сөз айтқаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ бұған дейін Алматыда қоғамдық орында балағат сөз айтқан шетелдік азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған еді.
Астанада қоғамдық орында боқтық сөз айтқан спортшы айыппұл арқалады
Астанада қоғамдық іс-шара кезінде былапыт сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған қазақстандық спортшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицияның мәліметінше, спортшы қоғамдық орында айналасындағыларға құрметсіздік танытып, әдепсіз сөздер айтқан. Осы әрекеті үшін оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің ұсақ бұзақылыққа қатысты бабы бойынша хаттама толтырылған.