Freedom Inside '26

Астанада көлік салонынан 200 мың теңге ұрлаған күдікті қолға түсті

Астанада көлік салонынан 200 мың теңге ұрлаған күдікті қолға түсті
sputnik.kz

Астанада полицейлер көлік салонынан ақша ұрлады деген күдікпен жас жігітті ұстады, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, күдікті қызыл түсті Volkswagen Vento автокөлігіне заңсыз кіріп, салонда болған 200 мың теңгені жасырын түрде иемденген. Оқиға салдарынан көлік иесіне материалдық шығын келтірілген.

Полицияның жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ тергеу барысында ұсталған азаматтың елордада бұған дейін жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екені анықталған. Бұл бағыттағы тексеру жалғасуда.

Астана қаласының полиция департаменті тұрғындарды жеке мүлкінің қауіпсіздігіне мұқият қарауға шақырды. Тәртіп сақшылары көлік ішінде ақша, телефон, құжат және басқа да бағалы заттарды қалдырмауға, сондай-ақ автокөліктен кетерде есіктері мен терезелерінің толық жабылғанына көз жеткізуге кеңес береді.

Полиция бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.