Астанада бауырсақ үшін талас болды

Астанада бауырсақ үшін талас болды
видеодан скриншот

Демалыс күндері Астанадағы Гринлайн аллеясында, «Хан Шатыр» маңында дүкеннің ашылуына арналған фуршет кезінде күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды ult.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ұйымдастырушылар шағын үстелге бауырсақ пен басқа да дәмді тағамдарды қойған. Алайда тегін дәмнен ауыз тиюге жиналған жұрттың қарасы көбейіп, аз уақыттың ішінде үстел маңында адам қарасы қалыңдаған.

Салдарынан қонақтар арасында бауырсаққа талас басталып, шағын фуршет көпшілік назарын аударған көрініске айналды.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.