Астанада қайғылы оқиға болды. 17 тамызда Роза Бағланова көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің 22-қабатынан құлаған қыз қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.
Қайғылы жағдайға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз тұрғын үйдің терезесінен құлап, алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмған.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
«Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдары тергеу қорытындысы бойынша оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтайды.