Астанада 165 автокөлікке қатысты алаяқтық жасаған қылмыстық топ сотталды

Астанада 165 автокөлікке қатысты алаяқтық жасаған қылмыстық топ сотталды
ашық дереккөз

Астанада азаматтарды автонесие рәсімдеуге алдап көндірген ұйымдасқан қылмыстық топқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды ult.kz.

Тергеу мәліметінше, 10-нан астам адамнан тұрған топ азаматтарға 1-2 миллион теңге сыйақы беріп, несие төлемдерін өздері өтейтінін айтып сендірген. Алайда рәсімделген 165 автокөлік кейін заңсыз сатылып, олардың бір бөлігі шетелге шығарылған.

Қылмыстық әрекеттерден 100-ден астам адам жәбірленуші деп танылды.

Сот айыпталушыларды ұйымдасқан қылмыстық топ құру, қаржы пирамидасын ұйымдастыру және алаяқтық жасау баптары бойынша кінәлі деп танып, 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.