Freedom Inside '26

Астанада 13 қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Астанада 13 қабатты тұрғын үйде өрт шықты
ТЖМ

ТЖМ қызметкерлері Байқоңыр ауданындағы Отырар көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 4 адамды құтқарды, деп хабарлайды ult.kz.

"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде жоғарғы қабаттардағы балкондардың ашық жалынмен жануы байқалды.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде ашық жалын сөндірілді. ТЖМ қызметкерлері құтқару маскаларын қолдана отырып, 4 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды. Сонымен қатар, 10 адам ТЖМ күштерімен эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрт 40 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.