Ақмола облысында Астана–Қорғалжын тас жолында үш көлік соқтығысып, бес адам көз жұмды. Тағы бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ult.kz.
Жол апаты туралы ақпарат Instagram желісіндегі 716.kz парақшасында жарияланды. Қайғылы оқиға 21 маусым күні болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser көліктері соқтығысқан. Соққы салдарынан екі Toyota көлігі өртеніп кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам зардап шеккен. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.