Елорданың халықаралық әуежайында Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия играларында академикалық ескек есуден чемпион атанған Владислав Яковлев пен Иван Чернухин қарсы алынды, деп хабарлайды Ult.kz.
Спортшылар өздерін ыстық ықыласпен күтіп алған жанкүйерлерге, туған-туыстары мен БАҚ өкілдеріне ризашылығын білдіріп, алдағы халықаралық додаларда да ел намысын биік қорғауға уәде берді.
Еске сала кетейік, Яковлев пен Чернухин жұбы ел қоржынына академикалық ескек есуден Азия ойындары тарихындағы тұңғыш алтын медальді салды.
Бұл жеңіс, сондай-ақ ұлттық құраманың басқа да сәтті өнер көрсетулері Қазақстанға жалпы медальдар есебінде төртінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Қазақстан командасы Өзбекстан құрамасын басып озып, тек үздік үштікке — Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяға есе жіберіп тұр.
Аичи мен Нагоядағы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.