Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады

Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады
Ақорда

Астанада 28 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері ұйымдастыратын жоспарлы іс-шара аясында қала аспанында жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуы өтеді, деп хабарлайды ult.kz.

Осыған байланысты 24 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары басталады.

Ресми мәліметке сәйкес, барлық ұшулар қауіпсіз биіктікте жүргізіледі және тұрғындардың қалыпты өміріне кедергі келтірмейді.

Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтарына жаттығулар кезінде қысқа мерзімді шу деңгейінің жоғарылауына түсіністікпен қарау сұралды.

Мамандардың айтуынша:


– барлық ұшу қауіпсіздік талаптарына сай ұйымдастырылады және халыққа қауіп төндірмейді;
– көрсетілім кезінде қолданылатын түрлі түсті түтіндер тек шоу элементі болып саналады және қоршаған ортаға зиянсыз.