Freedom Inside '26

Әскери бөлімде атылған оқ: батальон командирінің орынбасары сотталды

Әскери бөлімде атылған оқ: батальон командирінің орынбасары сотталды
NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда сарбаздың қаза болуына әкеп соққан салғырттық үшін батальон командирінің орынбасарына сот үкімі шықты, деп хабарлайды ult.kz.

Бас прокуратура мәлімдеуінше, іс Алматы гарнизонының әскери сотында қаралды. Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет өткерген сарбаздың қаза болуына қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталған.

Оқиға 2025 жылдың 23 қыркүйегінде жеке құрамның қарумен жұмыс істеуі барысында болған. Атыс кезінде пулеметтен абайсызда оқ атылып, оқ жарақатын алған қатардағы жауынгер көз жұмған.

Тергеу барысында батальон командирінің орынбасары қаруды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етпегені анықталды. Сондай-ақ алдыңғы атыстардан кейін қаруды толық тексеруді ұйымдастырмаған. Соның салдарынан ұңғыда қалып қойған оқ қайғылы жағдайға себеп болған.

Сот шешімімен ол Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі бойынша (ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау) кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.