Арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз асыраған жас жігіт ұсталды

Арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз асыраған жас жігіт ұсталды


Алматы облысында сирек кездесетін жануарларды заңсыз ұстаған азамат ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 мамыр жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда 5 айлық екі арыстанды заңсыз ұстаған 2001 жылғы А. есімді азаматты әшкереледі.

"Бұл дерек ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді.

Полиция қызметкерлері тексеруден кейін экзотикалық жануарларды тәркіледі.

Аталған дерек бойынша қылмыстық істі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр" - делінген хабарламада.