Түркістан облысының Арыс қаласында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам көз жұмып, тағы екі адам жарақат алды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, JAC маркалы автокөлікті басқарған әйел мас күйде бірнеше адамды қағып кеткен. Оқиғадан кейін жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.
– Оқиға салдарынан үш адам, оның ішінде екі кәмелетке толмаған жасөспірім қаза тапты. Сондай-ақ екі зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді, – деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті.
Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция тұрғындарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.