Freedom Inside '26

Әріптесінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен мұғалім 3 жылға сотталды

Әріптесінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен мұғалім 3 жылға сотталды
gov.kz

Жамбыл облысында әріптесінің үйіне екі рет заңсыз кіріп, алтын бұйымдарын ұрлаған мұғалімге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ult.kz.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы жәбірленушімен бір мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Өткен жылы жәбірленушінің туған інісі үй кілтін сұраған сәтте кілттің қайда сақталатынын естіп қалған әйел осыны пайдаланып, бірнеше күннен кейін жұмыстан ертерек шығып, кілтті алып, әріптесінің үйіне заңсыз кірген. Алғашқы жолы алтын кулон мен сақинаны ұрлаған.

Бірнеше күннен кейін ол дәл осы тәсілмен үйге қайта кіріп, алтын алқа мен білезікті алып кеткен.

Сот барысында айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Мемлекеттік айыптаушы оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жәбірленуші келтірілген материалдық шығынның толық өтелгенін мәлімдеді.

Сот әйелді Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігімен (бірнеше рет жасалған ұрлық) кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Алайда сот оның 14 жасқа толмаған баласының болуын ескеріп, жазаны өтеу мерзімін 3 жылға кейінге қалдырды. Үкім заңды күшіне енді.