Ардақ Назаров депутаттыққа уағыз айту үшін барды – Мейірман Шекеев

Ардақ Назаров депутаттыққа уағыз айту үшін барды – Мейірман Шекеев
Коллаж: ult.kz

Заңгер Мейірман Шекеев Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Заңгер Мейірман Шекеев Orda.kz сайтына берген сұхбатында Мәжіліс депутаттарының заң шығару процесіндегі белсенділігіне тоқталды. Ол депутат Ардақ Назаров туралы өз көзқарасын айтты.

Оның айтуынша, Ардақ Назаровтың заң шығару жұмыстарына қосқан нақты үлесі байқалмаған.

«Мен Ардақ Назаровтың бір заңға үлесін көрмедім. Қазыбек Иса тілге қатысты бір жиынға шақырғанда ғана көрдім. Маған қатты ұнағаны Ринат болды. Назаров жазып әкелді. Тілдің тағдыры шешіліп жатқанда ол шығарма оқып тұрды», – деді заңгер.

Сондай-ақ, Шекеев депутаттық қызметке келу кезінде айтылған уәделер мен нақты атқарылып жатқан жұмыстар арасында айырмашылық бар екенін меңзеді.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл пікірді қызу талқылап, Мәжіліс депутаттарының белсенділігі мен жауапкершілігі туралы түрлі ойларын білдіруде.