Аралас жекпе-жек: Нұрберген Шәріпов ресейлік спортшыны жеңіп кетті

Аралас жекпе-жек: Нұрберген Шәріпов ресейлік спортшыны жеңіп кетті

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері (ММА) Нұрберген Шәріпов (9-2) Мәскеуде өтіп жатқан ACA 111 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

61 келі салмақта Шәріпов Владикавказдан келген Тамерлан Кулаевтан (11-1) айласын асырды. 

Жерлесіміз осымен оныншы жеңісіне қол жеткізіп отыр және екі жеңілісі бар. 

Кулаев болса екінші рет жеңіліп отыр, оған дейін 11 жекпе-жекті өз пайдасына шешкен болатын.