Ақтөбеде ер адам танымал хабарландыру сервисіне өзіне тиесілі емес пәтерлерді жалға беру туралы жалған хабарландыру жариялап, азаматтардан ақша алған, деп хабарлайды ult.kz.
Пәтер іздеген тұрғындар оған алдын ала төлем аударған. Ақшаны алған соң ер адам байланысқа шықпай, қаражатты жеке қажетіне жұмсаған. Жалпы шығын көлемі 1 миллион 136 мың теңгені құрады.
Ақтөбе қаласының №2 соты оны бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырған.
Кейін облыстық сот сотталғанға рақымшылық туралы заңды қолданып, жазасын 2 жыл 3 айға дейін қысқартты.
Үкім заңды күшіне енді.