Ақтөбеде жол апаты: үш кенші қаза тапты

Ақтөбеде жол апаты: үш кенші қаза тапты
Әлеуметтік желіден

Ақтөбе облысында болған ауыр жол апатынан үш адам көз жұмды. Қаза тапқандар – Дөң кен-байыту комбинатының жұмысшылары, деп хабарлайды ult.kz.

Қайғылы оқиға кеше кешкі уақытта Самара – Шымкент тасжолының Хромтау қаласы маңында болған. Жол апатына Audi және ГАЗель көліктері қатысқан.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, соқтығыс салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмды.

Марқұм болған азаматтар Хромтау өңіріндегі Дөң кен-байыту комбинатында еңбек еткен кеншілер. Олар апат кезінде жеке көлігімен жүрген.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.