Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің Скальная тропа аумағында профилактикалық рейд жүргізіп жүрген Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суға құлаған әйелді дер кезінде құтқарып қалды, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел катерге міну кезінде абайсызда тепе-теңдігін жоғалтып, теңізге құлаған. Оқиғаны байқап қалған құтқарушылар бірден әрекет етіп, оны судан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді.
Құтқару операциясының жедел ұйымдастырылуының арқасында әйелдің өміріне қауіп төнген жоқ. Дәрігерлердің көмегі қажет болмағаны хабарланды.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды шағын көлемді су көліктеріне міну және түсу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ су айдындарының маңында аса мұқият болуға шақырады.