Ақтауда контрафактілік тіс пастасын сатқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Ақтауда контрафактілік тіс пастасын сатқан кәсіпкерге айыппұл салынды
gov.kz

Ақтауда жалған тауар белгісімен тіс пастасын заңсыз сатқан кәсіпкерге 90 825 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Маңғыстау облысы соттарының ресми Telegram-арнасы хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.

Сот мәліметінше, 2026 жылғы 30 қыркүйекте Әділет департаменті азаматтың өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіп, заңсыз сауда фактісін анықтаған.

Кәсіпкер сотта кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Сот оның құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын және кінәсін мойындағанын ескеріп, айыппұлды 30 пайызға қысқартты. Контрафактілік өнім тәркіленді.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.