Ақтауда бойжеткенге шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Ақтауда бойжеткенге шабуыл жасаған күдікті ұсталды
24.kz

Ақтауда теңіз жағалауында бойжеткенге күш көрсетіп, қорқытты деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

КТК арнасының хабарлауынша, әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адамның қызды күштеп ұстап, оған қоқан-лоқы көрсеткені көрінеді. Бойжеткенге оқиға орнынан өтіп бара жатқан адамдар араша түсіп, кейін жүргізушілердің бірі оны көлігіне отырғызып, қауіпсіз жерге алып кеткен.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысы бар барлық азамат анықталып, ұсталды. Олар полиция басқармасына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.