Ақтауда 10-қабаттың сыртқы жақтауында тұрған баланы полиция құтқарып қалды

Ақтауда 10-қабаттың сыртқы жақтауында тұрған баланы полиция құтқарып қалды
Маңғыстау облысының полиция департаменті

Ақтауда полиция қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйдің 10-қабатындағы терезенің сыртқы жақтауына шығып кеткен баланы аман алып қалды, деп хабарлайды ult.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, «102» арнасына Ақтау қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде баланың ашық терезеден сыртқа шығып, өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жедел жеткен. Полицейлер келген кезде кәмелетке толмаған бала терезеден толық шығып, ғимараттың сыртқы жақтауында тұрған.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында бала қауіпсіз жерге шығарылып, аман-есен құтқарылды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға және терезелердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырды.