Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға ресми сапармен келген Грузияның Премьер-министрі Ираклий Кобахидзені салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ult.kz.
Рәсімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мен Грузияның Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысты.
Іс-шара барысында екі елдің үкіметтік делегацияларының мүшелері бір-біріне таныстырылды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін Қазақстан Республикасы мен Грузияның мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Грузия Премьер-министрінің Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланып отыр.