iPhone 18 Pro смартфондарының бағасы айтарлықтай қымбаттауы мүмкін. Сарапшылардың болжамынша, жаңа модельдің құны 1400 долларға дейін жетуі ықтимал. Бұл қазіргі iPhone 17 Pro бағасынан шамамен 300 долларға жоғары, деп хабарлайды ult.kz.
ixbt.com сайтының мәліметінше, жад, камера және басқа да негізгі компоненттердің қымбаттауы Apple-ді баға саясатын қайта қарауға итермелеп отыр. The Wall Street Journal мен TechInsights сарапшылары компания iPhone 18 Pro-ның бастапқы бағасын қазіргі 1100 доллардың орнына 1300–1400 доллар аралығында белгілеуі мүмкін екенін айтады.
WSJ дерегінше, 1400 долларлық баға ең ықтимал нұсқа саналады. Мұндай жағдайда iPhone 18 Pro Max моделі 1500 доллардан басталуы мүмкін.
Бұған дейін Apple компаниясының бас директоры Тим Кук жад компоненттерінің қымбаттауына байланысты құрылғылар бағасының өсуі сөзсіз екенін айтқан болатын.