Ант қабылдау рәсіміне ата-анасы келе алмаған сарбаздың оқиғасы көпшілікті тебірентті, деп хабарлайды ult.kz.
Әлеуметтік желіде ант қабылдау рәсімінде ата-анасы жанынан табыла алмаған жас сарбаздың оқиғасы көпшіліктің жүрегін елжіретті.
Бейнежазбадағы кейіпкер – Орал қаласынан әскерге шақырылған қатардағы жауынгер Владимир Усов. Белгілі себептерге байланысты оның ата-анасы маңызды күнде әскери бөлімге келе алмаған.
Алайда сарбаз бұл жағдайды сабырмен қабылдап, ең бастысы ата-анасының аман-есен болуы екенін айтты. Оның бұл сөздері желі қолданушыларының ықыласына бөленді.
Жауынгердің көңіл күйін ескерген әскери бөлім басшылығы ата-анасымен видеоқоңырау арқылы байланыс ұйымдастырып, олардың ант қабылдау сәтін бірге тамашалауына мүмкіндік жасаған.