«Алып шардың желі шығып кеткен»: Канье Уэсттің концерті неге өтпеді?

«Алып шардың желі шығып кеткен»: Канье Уэсттің концерті неге өтпеді?
Фото: видеодан кадр

Канье Уэсттің Алматыда өтуі тиіс концерті қауіпсіздік шараларына байланысты бір күнге кейінге шегерілді, деп хабарлайды ult.kz.

Көрермендер концерттің басталуын біраз уақыт күткен. Алайда америкалық рэпер белгіленген уақытта сахнаға шықпаған.

Кейін ұйымдастырушылар концерттің 15 тамызда, жоспарланған уақытпен дәл сол уақыттаөтетінін хабарлады. Концерттің не себепті кейінге қалдырылғаны қауіпсіздік шараларымен байланысты екені айтылды. Яғни алып шардың желі шығып кеткен. 

Сондай-ақ бұған дейін сатып алынған билеттерді қайтарудың қажеті жоқ. 15 тамызға арналған концертке бұрын алынған билеттер жарамды болады.

Ұйымдастырушылар көрермендерден түсіністік танытуды сұрады.