Алтынай Жорабаева бұрынғы жұбайы Сәбит Әбдіқалықовтың не себепті тойға қатыспағанын айтты (ВИДЕО)

Алтынай Жорабаева бұрынғы жұбайы Сәбит Әбдіқалықовтың не себепті тойға қатыспағанын айтты (ВИДЕО)
Фото: әлеуметтік желі

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева қызы Айнараның ұзату тойына бұрынғы жұбайы, актер әрі режиссер Сәбит Әбдіқалықовтың не себепті қатыспағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесінің сөзінше, бұл шешімге ең алдымен балаларының қалауы әсер еткен. Олар әкесінің тойда болғанын жөн көрмеген.

Сонымен қатар әнші ұзату тойын толықтай ұйымдастыру жауапкершілігін қазіргі жұбайы Әлішер өз мойнына алғанын айтып, осындай жағдайда бұрынғы күйеуін оның қасына отырғызуды дұрыс деп санамағанын жеткізді.

Алтынай Жорабаева бұл шешімнің ешкімді ренжіту мақсатында қабылданбағанын, ең бастысы – қызының қуанышы мен отбасының тыныштығы болғанын атап өтті.