Алты жасар бала әкесінің көлігін айдап, түнде жолға шыққан

Алты жасар бала әкесінің көлігін айдап, түнде жолға шыққан
полиция департаменті

Қызылорда облысының Арал ауданында полицейлер түнгі уақытта Toyota Land Cruiser көлігін тоқтатып, оның тізгінінде алты жасар баланың отырғанын анықтады. Көлік баланың әкесіне тиесілі, деп хабарлайды ult.kz.

Құқық қорғаушылар ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алып, болған жағдайдың мән-жайын анықтады.

Баланың әкесіне бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны және кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сот ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері ата-аналармен және баламен профилактикалық әңгіме жүргізді.