Алты облыста күшті жел соғып, найзағай ойнайды

Алты облыста күшті жел соғып, найзағай ойнайды

Ертең еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометтің дабылды ескертуіне сілтеме жасап.

21 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі ықтимал.

21 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде найзағай, күндіз кей жерлерде солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Сол күні күндіз Атырау қаласында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

21 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, тұман түсуі ықтимад. Күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде 1-3 градус суық болады.

21 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с.

Сол күні күндіз Ақтау қаласында найзағай күтіледі, жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

21 қыркүйекте түнде Ақмола облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

21 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Сол күні күндіз өңірдің кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Сол күні күндіз Петропавл қаласында найзағай жарқылдайды.