Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады

Синоптиктер еліміздің алты облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

9 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. 

Ертең Нұр-Сұлтан қаласында бұрқасын соғуы ықтимал. 

9-10 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. 

9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлеріне қалың қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

9 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты аяз тұрады, минус 22°С дейін жетеді. 

9-10 желтоқсанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. 

9-10 желтоқсанда Таразда тұман түседі.