Алматының Түрксіб ауданында Спасская көшесі, 77 мекенжайындағы аумақты көркейту жұмыстары аяқталды. Жоба аудан тұрғындарының ұсынысы бойынша «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Бұған дейін көріктендірілмеген аумақта балалар және спорт алаңдары жасақталып, ойын элементтері мен воркаутқа арналған жабдықтар орнатылды. Сонымен қатар тұрғындардың демалуына арналған орындар құрылып, жабындар мен қоршау жаңартылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйесі де орнатылды.
Жұмыстар 2026 жылы маусым айында аяқталды. Соның нәтижесінде тұрғындардың отбасымен демалуына, спортпен шұғылдануына және бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды.




