Медеу ауданында 2026-2029 жылдары жүзеге асырылатын Almaty Promenade жобасы көпфункционалды қоғамдық-рекреациялық кешенге айналмақ.
Кешен аумағы шамамен 30 гектар, ал құрылыс көлемі 317 мың шаршы метрден асады. Жоба аясында туристік, мәдени, қонақ үй және коммерциялық нысандарды қамтитын қоғамдық-рекреациялық кеңістік құру көзделген.
Жобаның негізгі элементтерінің бірі — су инфрақұрылымы. Кешен аумағында су арналары, көркейтілген жағалаулар, серуендеу аймақтары мен демалыс орындары жасақталады. Су нысандары қоғамдық кеңістіктің жалпы құрылымымен үйлесімді байланыстырылмақ.
Кешен құрамында қонақ үйлер, сауда және қызмет көрсету нысандары, мәдени-ойын-сауық алаңдары, жасыл аймақтар, жүргіншілер бағыттары мен қоғамдық кеңістіктер қарастырылған.
Жобаны жүзеге асыру жеке инвестицияы тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ туризмнің, қызмет көрсету саласының және шағын бизнестің дамуына серпін береді.
Жобаға инвестиция тарту және қалалық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары аясында Almaty Invest компаниясы қолдау көрсетеді.

Фото: Алматы әкімдігі

Фото: Алматы әкімдігі