Алматының басты көшелерінде автобус жолағы пайда болады

Алматының басты көшелерінде автобус жолағы пайда болады
kolesa.kz

Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылы, Сайын көшесі, Шығыс айналма жолы және Рысқұлов даңғылында арнайы автобус жолақтары пайда болады. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Оның айтуынша, жаңа автобус жолақтарын енгізу бойынша жұмыс былтыр күзден бері жүргізіліп келеді және жоба қазір аяқталуға жақын.

«Жолақ санын қысқартпаймыз. Қосымша автобус жолағын енгізу үшін қолданыстағы жолақтардың ені тарылтылады. Қазіргі жолақтардың ені 3,75 метр, бұл автобус жолағын орналастыруға мүмкіндік береді», деді Ержан Диханбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 

Басқарма басшысы шешім қабылдау кезінде халықаралық тәжірибе, көліктік модельдеу және жол қозғалысына жүргізілген талдаулар ескерілгенін атап өтті.

Жоспар бойынша, жаңа автобус жолақтары алдағы жазда іске қосылады. Мамандардың айтуынша, бұл қоғамдық көліктің кедергісіз қозғалуына және жолдағы кептелісті азайтуға ықпал етуі мүмкін.