Алматылықтар жер сілкінісін сезді

Алматылықтар жер сілкінісін сезді
Фото: freepik

Алматы маңында жер сілкінді, деп хабарлайды ult.kz.

2026 жылғы 29 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 11:09-да ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41.357° және шығыс бойлықтың 78.778°.

Алматы қаласында 2 балл болып сезілген. 

Еуропа–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Қырғызстандағы Қаракөл қаласынан 122 шақырым жерде орналасқан.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.