Бүгін, 28 қыркүйекте, Алматыда жер дүмпуі сезілді, деп хабарлайды ult.kz.
Бүгін, 28 қыркүйекте таңғы сағат 9:30 шамасында Алматы тұрғындары жерасты дүмпулерін сезгені туралы мәлімдеді.

Тіпті ҚР ТЖМ-дан хабарламалар келіп, қарқынды жер сілкінісін ескертті.
Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі тіркелгенін растады. Олардың дерегінше, дүмпу сағат 09:38-де болған. Жерасты дүмпулерінің қарқыны 2-3 балға дейін жеткен.
Сейсмологтардың есептеуінше:
эпицентрден 18 шақырым жерде орналасқан Қарасай (Қаскелең) қаласында жер сілкінісінің қарқыны 2-3 балл;
эпицентрден 19 шақырым қашықтықтағы Боралдайда да дүмпу күші 2-3 балл;
эпицентрден 28 шақырым жерде орналасқан Өтеген батырда жер сілкінісінің қарқыны 2 балл болған.