Алматыда жалдамалы пәтерден притон анықталды

Алматыда жалдамалы пәтерден притон анықталды
polisia.kz

Алматыда полицейлер «102» пультіне түскен хабарламадан кейін жалдамалы пәтерлердің бірінен притонды анықтады, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық полиция департаменті оқиға орнынан түсірілген видеоны жариялады.

Пәтерден 20-35 жас аралығындағы төрт әйел анықталған. Полицияның мәліметінше, олардың бірі әкімшілік жұмыстармен айналысса, екіншісі тапсырыстар қабылдаған. Қалған екі әйел интимдік қызмет көрсеткен деген болжам бар.

Барлығы Алматыға еліміздің әр өңірінен келген. Әйелдер Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Қазір олардың жеке басы анықталып, заңсыз әрекетті ұйымдастырушылар іздестіріліп жатыр.