Алматыда полицейлер ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қолдауымен синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхананы анықтап, оның қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ult.kz.
Алматыда полицейлер ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қолдауымен синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхананы анықтап, оның қызметін тоқтатты.
Тінту барысында құқық қорғау органдары қолдан жасалған реакторды, сұйықтық құйылған ондаған канистрді, зертханалық құрал-жабдықтарды, таразыларды, вакуумдық қаптау құрылғыларын және есірткі заттарын буып-түюге арналған жүздеген пакетті тәркіледі.
Тәркіленген заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру және тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция есірткі өндіру және тарату ауыр қылмыс болып саналатынын және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.