Алматы қаласының Әділет департаменті Киберполиция бөлімшесімен бірлесіп жүргізген тексеру барысында халықаралық құқық иеленушіге тиесілі тауар белгісін заңсыз пайдалану дерегін анықтады, деп хабарлайды ult.kz.
Жоспардан тыс тексеру кезінде халықаралық брендтің тауар белгісіне айырғысыз дәрежеде ұқсас белгі заңсыз қойылған 52 мыңнан астам монтаждау желімі заңсыз айналымнан алынды. Тәркіленген өнімнің жалпы құны 5 миллион теңгеден асады.
Аталған факті бойынша уәкілетті тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімдеді. Іс материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында екі күн ішінде 1 100-ден астам заңсыз алкоголь өнімі тәркіленген болатын.