Алматыда өртенген ғимараттың үстіндегі жұмысшы кранмен құтқарылды

Алматыда өртенген ғимараттың үстіндегі жұмысшы кранмен құтқарылды

Алматыда өртенген ғимараттың үстіндегі жұмысшыны кран жүргізушісі құтқарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Құтқару операциясы видеоға түсіп қалған. 

«Кран жүргізушісі жұмысшыны соңғы секундта құтқарды»,- делінген постта. 

Бұл шығыс айналма жолында салынып жатқан ғимарат болып шықты. Осыдан 1 күн бұрын бұл ғимараттан өрт шығып, газ баллоны жарылған болатын. 

Өртті сөндіруге 17 адам, 4 техника жұмылдырылды. 

Өртті Алматы ТЖД тепловизиялық камерасы анықтаған.