Алматыда көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды

Алматыда көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды


Алматыда Chevrolet Cobalt көлігі ағашқа соғылып, жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция департаментінің дерегінше, жол-көлік оқиғасы 31 қаңтарда шамамен сағат таңғы сағат 08:00-де Достық даңғылында болған. 

«Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі Достық даңғылымен солтүстік бағытта кетіп бара жатып, рульге ие бола алмай ағашқа соғылды. Алған жарақатынан жүргізуші қаза тапты»,- деді Алматы қаласының ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. 

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.