Алматыда қаңтар оқиғасында істен шыққан «Сергек» камералары қалпына келді

Алматыда қаңтар оқиғасында істен шыққан «Сергек» камералары қалпына келді


Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген бейнебақылау камералары қалпына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 4-7 қаңтар аралығындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 75 «Сергек» кешені, яғни 304 бейнекамера, сондай-ақ РТРК ғимаратында орналасқан байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шықты. 

Бүгінгі күні барлық зақымдалған камералар мен жабдықтар қалпына келтірілді.

«Талшықты- оптикалық тарату жүйесі арналарына қосылуға арналған жеке жүйесі бар 1 103 камераны қамтитын «Бейнебақылау жүйелері» жобасы бойынша тәртіпсіздіктер кезінде 283 камера, сондай-ақ шкафтар мен тарату жабдықтары істен шықты. Қазіргі уақытта бейнекамералар мен зақымданған қондырғылар қалыпты жұмыс істеп тұр», - деп хабарлады полициядан. 

Сонымен қатар, биыл мегаполистегі 3 500 камераны жедел басқару орталықтарына қосу жоспарда.