Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматыда екі шағын ауданда суық су ажыратылды

Алматыда екі шағын ауданда суық су ажыратылды

Алматыда Медеу ауданында бірқатар ғимарат суық судан ажыратылды,деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«16 наурызда таңғы 9 бен 17.00 аралығында Атырау мен Думан шағын ауданында бірқатар ғимаратқа суық су беру уақытша тоқтатылады», - деді «Алматы су» кәсіпорнынан.

Суық судан Апорт, Базарбаев, І.Есенберлин, Орманов, М.Шоқай көшелерінің бойындағы «Микоян-1» сорғы нысаны, «Жайлау дәмханасы», Шухов көшесіндегі №2 емхана, 3 қазандық (Ульяновская, Широкая, Полевая - Овражная, Брянская көшелерінің қиылысы); 3 орта мектеп: №53 (М.Шоқай – Глубокая қиылысы), №64 мектеп (Орынбор – Шухов көшесінің қиылысы), №99 мектеп (И. Қоңыр – Карбышев қиылысы) ажыратылды. 

Әлеуметтік және жалпы білім беретін нысандарға сұраныс көлемінде су жеткізілетін болады. 

Уақытша қолайсыздықтар жаңа су құбырын қосуға байланысты туындап отыр.