Алматыда екі автобус соқтығысты

Алматыда екі автобус соқтығысты


 Алматыда екі жолаушы автобусы соқтығысты, деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат".

Апаттың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 28 сәуірде сағат 15:30-дар шамасында болған.

«Yutong» маркалы автобустың жүргізушісі Ы. Алтынсарин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамай «ЛиАЗ» автобусымен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған деректі Әуезов аудандық полиция басқармасы тексереді», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.