Алматыда автотұрақ ақысы 200 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Алматыда автотұрақ ақысы 200 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін
ашық дереккөз

Алматыда кейбір ақылы автотұрақтардың тарифін көтеру ұсынылды. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Қазір коммунариф автотұрақ орындарына сұраныс көп әрі орын тапшылығы байқалатын жерлерде ғана қолданылады.

Жоба авторларының айтуынша, бұл бос орын іздеуге кететін уақытты қысқартып, автотұрақтардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ақылы автотұрақ аймағындағы үйлердің тұрғындары үшін рұқсат рәсімдеп, үйінің маңында көлігін тегін қою мүмкіндігі сақталады. Сондай-ақ пайдаланушылардың кейбір санаттарына берілетін жеңілдіктер де қалады.

Жоба қалалық мәслихаттың сессиясында таныстырылды.