Алматыда жолаушылар автобусы мен Toyota Highlander көлігі соқтығысып, тоғыз адам медициналық көмекке жүгінді. Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға Төле би даңғылы мен Жұмалиев көшесінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен болуы мүмкін. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары мен патрульдік полиция қызметкерлері келген. Апаттың нақты себептері сараптамалардан кейін анықталады.