Алматыда Audi маркалы көлік бес жаяу жүргіншіні қағып, кейін тұрақта тұрған автокөлікке соғылды, деп хабарлайды ult.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 9 маусым күні таңғы сағат 08:20 шамасында болған. Алдын ала дерек бойынша, Зенков көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Audi жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде тұрған бес адамды қағып кеткен.
Зардап шеккендердің барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Полиция олардың жолдан өтіп бара жатпағанын нақтылады.
Оқиғадан кейін жүргізуші қозғалысын жалғастырып, тұрақта тұрған Toyota көлігіне соғылған. Соққының әсерінен Toyota жанында тұрған Subaru автокөлігін де жанап өткен.
Полицияның мәліметінше, соқтығыс кезінде екі көліктің де жүргізушілері салонда болмаған.
Қазір тәртіп сақшылары жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.