Алматыда самокат пен мопед жүргізушілеріне бақылау күшейтілді. Демалыс күндері қала көшелерінде өткен рейд барысында 300-ге жуық самокат арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды ult.kz.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерді анықтап, қауіпті жағдайлардың алдын алуға басымдық берген.
Мәселен, Жетісу ауданында рейд кезінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 152 дерегі тіркелді. Оның ішінде көлік құралдарын пайдалану және жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзу фактілері де бар.
Полицияның мәліметінше, мұндай бақылау шараларының негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін заң бұзушылықтардың алдын алу және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Рейдтер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады. Полиция әсіресе көлік қозғалысы қарқынды және жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін учаскелерге ерекше назар аудармақ.