Freedom Inside '26

Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық

Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық
Алматы әкімдігі

Алматы хайуанаттар бағындағы сирек жануарлардың бірнеше жұбы төлдеді. Көктемгі төлдеу маусымы аясында аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлардың төлі дүниеге келді, деп хабарлайды ult.kz.

Ерекше оқиғаның бірі – сақиналы құйрықты лемурлардың екі жұбында бірдей егіз төлдің тууы. Төлдер 6 және 17 наурызда туған. Қазір енесімен бірге мамандардың тұрақты бақылауында.

Сонымен қатар 6 наурыз аққол гиббонның төлі дүниеге келді. Ол Алматы хайуанаттар бағында бірнеше ұрпақ бойы жалғасып келе жатқан гиббондар әулетінің жаңа өкілі. 

Төлдің әкесі Джим мен әжесі Джулия да осы зообақта туған. Ал оның арғы атасы Табинді хайуанаттар бағының тұрақты келушілері мен қызметкерлері жақсы таниды.

Күн жылынған соң жануарлар жазғы қоршауға шыға бастады. Енді келушілер олардың табиғи ортаға барынша жақын жағдайда тіршілік етуін тамашалай алады.